Accessibility links

Буденовскіге жасалған шабуылға қатысқан үшінші адам да ұзақ мерзімге кесілді


СТАВРОПОЛЬ. Бүгін Ресейдегі Ставрополь өлкесінің соты Буденовск кентіне жасалған шабуылға қатысқан Нұр-Мұхаммед Хатуевті 12 жылға бас бостандығынан айыратын үкім шығарды. Өлкелік сот оны “лаңкестікпен шұғылданды”, “кісіні кепілдікке алды”, “қару-жарақты жасырып ұстады” және тағы қылмыстар бойынша айыпты деп тапты. Өзінің ақырғы сөзінде Н.Хатуев құрбан болғандардың туыстарынан кешірім сұрады. Өткен сәрсенбіде сот 1995-інші жылы Буденовскіге жасалған шабуылға қатысқан тағы 2 кісі ұзақ мерзімге кесілген болатын. Сол шабуылдың салдарынан 150-дей бейкүнә адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG