Accessibility links

Кісі ұрлаушылар алып кеткен Ресей дипломаттары әлі босатылған жоқ


БАҒДАД. Бағдадтағы Ресей елшілігінің сенбі күні тұтқынға түскен 4 қызметкерінің босатылғаны туралы хабар расталмай отыр. Бүгін ішкі істер министрлігіндегі ақпарат көзін нұсқап көрсеткен Ирақ теледидары Ресей елшілігінің 4 қызметкері бүгін босатылды деп хабарлаған болатын. Алайда Ирақ ішкі істер министрлігінің аты-жөнін атамаған жоғары лауазымды өкілі үкіметтің оларды “тұтқыннан босатуға әлі әрекеттеніп жатқанын” мәлімдеді. Кеше қаскүнемдер Ресей елшілігінің автокөлікпен келе жатқан 4 қызметкерін тұтындап алып кетіп, автокөлікте отырған тағы бір орыс дипломатын өлтіріп кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG