Accessibility links

Ирақтағы сүнниттер мен шийттердің өзара қақтығыстары өршіп барады


БАҒДАД. Кеше Бағдадтағы сүнниттер мен шийттердің араласындағы қақтығыстардың салдарынан шамамен 60 адамның қаза болуына байланысты Ирақ президенті Жалал Талабани елді тыныштыққа шақырды. Кеше Бағдадтың сүннит ауданына шабуыл жасаған шийт қарақшыларымен арада болған бірнеше атыста, кем дегенде 41 сүннит оққа ұшты. Бірнеше сағаттан кейін Бағдадтағы шийттердің мешіті жанында бомба орнатылған 2 автокөлік жарылып, кемінде 19 адам құрбан болып, талай кісі жараланды.
XS
SM
MD
LG