Ирақтың оңтүстігіндегі Амара қаласында соңғы екі күнде жалғасқан шайқастардан кейін бүгін біршама тыныштық орнай бастаған. Бейсенбі күні кештен бастап шиитік қарулы топтар Амараға басып кіріп бірқатар ауданды өз бақылауына алған болатын. Жергілікті полиция мен Мұқтада ас-Садрдің жауынгерлері арасында болған шайқастарда кемінде 18 кісі қаза тапты. Ирақ үкіметінен ресми топ келіп келіссөздер өткізгеннен кейін ғана Амарада тыныштық орнағандай болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?