Accessibility links

Бүгін Ауғаныстанның оңтүстігінде болған бомба жарылысынан 14 адам қаза болды


Бүгін Ауғаныстандағы НАТО күштері осы аптада елдің оңтүстігінде талибан жасақтарын нысанаға алған әуе шабуылында 12 бейбіт тұрғын қаза тапқанын растап отыр.

Халықаралық Қауіпсіздік Күштерінің өкілі Андре Салумның айтуынша, халықаралық күштер көп адам қаза болды деген хабарларды зерттеген. НАТО талибан жасақтарын қорғану үшін қарапайым адамдарды пайдаланып отыр деп айыптады. Ауғаныстан президенті Хамид Қарзай НАТО-ның ол әуе шабуылдарынан ондаған бейбіт тұрғын қаза болды дегенді анықтау үшін комиссия құрған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG