Accessibility links

Ирақтың кей аймақтарында коменданттық тәртіп енгізілді


Саддам Хуссейнге өлім жазасы берілген соң Бағдад пен Ирақтың суниттер тұратын екі өлкесінде коменданттық тәртіп енгізілді. Ирақтың Жоғарғы Соты бұрынғы президент Саддам Хуссейн мен оның екі көмекшісін адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп оларды дарға асуға шешім шығарды. Әлем елдерінің басшылары бұл үкімді оң қабылдады. Бірақ өлім жазасына қарсы болған Еуропа Одағы мен Ватикан және Еуропа Кеңесі Ирақты Хуссейнді дарға аспауға шақырды.
XS
SM
MD
LG