Accessibility links

Демократиялық партия Конгрестегі басымдығына қайта қол жеткізуге үміттенеді


ВАШИНГТОН: Бүгін АҚШ-тың бірқатар шығыс штатында “аралық” деп аталатын сайлау өтіп жатыр. Америка халқы Конгрестің өкілдер палатасын түгел қайта сайласа, Сенаттың 1/3-ін және 36 штаттың губернаторларын қайта сайлауға тиіс. Республикалық партияның өкілі Дж.Буштың билікке келуінен кейін Конгрестегі басым дауысынан айрылған Демократиялық партия осы сайлауда сол басымдығына қайта қол жеткізуге үміттенеді. Ол үшін Өкілдер палатасына 15, ал Сенатқа 6 депутатын өткізуге тиіс. АҚШ әскерінің Ирақта қалуы – 2 партия арасындағы күрестің ең маңызды тақырыбы болып отыр.
XS
SM
MD
LG