Accessibility links

Ливан үкіметі 5 министрінсіз қалып, елдегі саяси дағдарыс ушыға түсті


БЕЙРУТ: Ливандағы саяси дағдарыс ушыға түсті. Кеше Ливан президенті Эмиль Лахуд мәлімдегендей, “Хизболла” ұйымы мен шийттердің “Амал” бірлестігіне жататын және “сирияшыл” 5 министрдің қызметінен кетуінен кейін үкімет заңды құзырынан айрылды. Ливан премьер-министрі Фуад Синиора олардың кетуін мақұлдамады. Оның бақталастары кезектен тыс парламент сайлауын өткізу талабымен наразылық шеруін бастайтынын мәлімдеп қорқытуда. Үкіметтегі “сирияшыл” күштердің басты талабы – елдегі қабылданған кез-келген заңға тоқтау қою құқын беру.
XS
SM
MD
LG