Accessibility links

Р.Кочерян мен И.Әзірбайжанның президенттері Минскіде келіссөз өткізеді


БРЮССЕЛЬ: Бүгін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша ұйым ТМД мемлекеттері басшыларының келесі аптада Минскіде өтетін кездесуінің сыртында Армения мен Әзірбайжан президенттері Р.Кочерян мен И.Әлиевтің өзара келіссөз өткізетінін хабарлады. Осы Еуропалық ұйымның “Минск тобына” Ресей жағынан тең төрағалық ететін Юрий Мерзляков бұл кездесу “Таулы Қарабақ жанжалын” шешуге көмек болар деген үмітін айтты. Таулы Қарабақ үшін Армения мен Әзірбайжан арасындағы жанжал Совет Одағы дәуірінен бері жалғасып келеді.
XS
SM
MD
LG