Accessibility links

Лондонда Ресейдің бұрынғы тыңшысы Александр Литвиненконың өлімін зерттеу жалғасуда


Британия билігі Ресейдің қауіпсіздік Кеңесінің бұрынғы тыңшысы Александр Литвиненконың радиоактивті элемент полоний 210-ның үлкен мөлшерімен уланғанын анықтағанын айтып отыр. Ол улы заттың белгілері сонымен қатар Литвиненко тамақтанған Лондондағы суши бар мен қонақ үйден және оның өз үйінен табылған. Уланғанына үш апта болған Литвиненко жұмаға қараған түні ауруханада көз жұмды. Ол соңғы кезде Ресей билігін ашық сынап жүрген. Және өлер алдында достарына айтқан соңғы сөзінде де өзінің өліміне Ресей президенті Владимир Путинді айыптайтынын айтқан. Путин Литвиненконың өліміне өзінің қатысы жоқ екенін айтып, оны саяси арандатушылық деп атады. Британия полициясы бұл өлімді ашуға Ресейдің қолдау жасауын сұрап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG