БРЮССЕЛЬ: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясының басшылығы Ассамблеяға өзінің 2008-інші жылғы жылдық сессиясын Қазақстанда өткізуге нұсқау берді. Мұндай шешім Парламент Ассамблеясындағы делегация басшыларының тұрақты комиссиясы мақұлдануға тиіс. Бұл нұсқау – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері Кеңесінің бүгін Брюссельде басталатын мәжілісінің қарсаңында қабылданып отыр. 2 күндік мәжілістің барысында Қазақстанның осы Еуропалық ұйымға 2009-ыншы жылы төраға болу үшін берген өтініші қаралуға тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?