Accessibility links

Бұрынғы Чили диктаторы сейсенбіде жерленеді


Осыдан бір апта бұрын жүрегі ауырып қалған бұрынғы Чили диктаторы Аугусто Пиночет Сантьягодағы ауруханада қайтыс болды. 17 жыл бойы оңтүстік Америка елін басқарған 91-жастағы Пиночет соңғы жылдары адам хұқтары мен алаяқтық және жемқорлыққа қатысты айыптармен күресіп келген. Адам хұқын қорғаушылар бұрынғы Чили диктаторының тағылған айыптар бойынша жазасыз қалғанына байланысты наразылықтарын білдірді. Аугусто Пиночет сейсенбі күні жерленетін болды. АҚШ-ы Пиночет диктатурасын Чили тарихындағы ең қиын кезеңдердің бірі деп сипаттады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG