Accessibility links

Баспасөзге шолу. 12.15.2006


Жұма күні жарық көрген баспасөз беттерінде тәуелсіздік күніне арналған және желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай жазылған мақалаларға орын беріліпті.

«Егемен Қазақстан» газетінің бірінші бетінде жарық көрген «Отанды қастерлеудің озық үлгісі» атты мақаласында, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздіктің 15 жылдығына орай жарық көрген «Қазақстан жолы» атты жаңа кітабы туралы жазылған. Бұл мақалада автор кітапты таныстыра келе, 15 жыл ішінде Қазақстан талай оқиғаларды бастан кешті, іргелі өзгерістер да батыл қадамдар арқылы өріс жайды дейді. Сондай-ақ журналист, бұл кітап жастарды патриотизмге, Отанды сүюге, елге, жерге деген махаббаты дәріптеуге арналғанын айтты.

«Эспресс-К» газетінде Астана қаласының тәртіп сақшылары тәуелсіздіктің 15 жылдығына орай, қала әкімінен американдықтардың құрастырған тікұшағы мен 50 жеңіл автокөлікті сыйға алғандығы жазылыпты. Аталмыш тік ұшақтың құны 79 миллион теңгені құрайды екен. Мақалада Астана қаласының ішкі істер департаментінің бастығы Серімжан Досымов тік ұшақ қылмыcкерлерді бірден қолға түсіруге, сондай-ақ, қаланы қауіптен қорғауға үлкен көмегін тигізеді дейді.

«Айқын» газеті, журналист Мейрам Байғазиннің «Желтоқсан жарасы жазыла ма?» деген мақаласында 1986 жылы желтоқсанның 16-ы мен 17-і күндері болған оқиға мәнісін баяндап беріпті. Бұл жазылған мақалада көбінесе, алаңға шыққан жастардың жанайқайы мен олардың айдауда, қуғын-сүргінде болған кездері қысқаша баяндалған.

«Литер» газеті тәуелсіздіктің 15 жылдық мерекесіне орай бір мыңға жуық қазақстандықтардың жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болып отырғандығын жазады. Мәселен, «Отан», «Барыс», «Парасат», «Достық», «Құрмет», «Даңқ», «Айбын» ордендерімен ғылым, өнер, қарулы күштер қорғанысы саласында жүргендер марапатталса, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені экономика саласында жүрген қызметкерлерге табыс етілгендігі жазылған «Литер» газетінде.

«Жас Қазақ» газетінде журналист Жанарбек Әшімжанның «Жастардың алдына шығып сөйлейін» деген бір жазушы болған жоқ» деген жазушы Софы Сматаймен болған сұхбаты беріліпті. Бұл сұхбатта жазушы «жастардың алдына шығып, сөйлесем» деген бірде бір адамның болмағандығын, кеудесін ұрып, көсемсіген жазушылардың бірде біреуі алаңға барып, жастармен тілдеспегендігін айтады. Сондай-ақ жазушы Софы Сматай: «мақтан тұтып жүрген ағаларымыздың көбі сөйлеуден бас тартты. Сондай-ақ сұхбат соңында жазушы «Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл өтсе де, ақиқаттың толық ашылмағандығын айтады. Бұған себеп, ел зиялыларының еренсіздігі, бірауызды болмауынан» делінген мақалада.
XS
SM
MD
LG