Accessibility links

Ақ үй мен АҚШ әскери басшылығы қызметтен кетуіне 3 күн қалған кезде қорғаныс министрі Д.Рамсфельдпен қоштасты


Қарашаның 7-сіндегі Конгрестік сайлау аяқталар кезде Рамсфельдтің қызметтен кететіндігі жарияланған болатын. Бұл кезде Республикашылар партиясы екі палатада да бақылауды қолдан шығарып алған болатын. Ал Рамсфельд Ирақтағы соғысты қолдаушылардың бірі ретінде халықтық абырой-беделден жұрдай бола бастаған еді. Бұрынғы Қорғаныс министрімен қоштаса тұрып:

-Министр мырза, бүгін еліңіз сіздің министрлік жетекшілігіндегі 6 жылдық қызметіңіз үшін ризашылығын айтады. Мен де сіздің қарулы күштердегі азаматтарға деген махабатыңыз және қызметіңіз үшін өз рахметімді айтамын, - деді президент Буш.

Д.Рамсфельдің орнына Орталық барлау агенттігі және Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде қызметте болған Роберт Гейтс келеді.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG