Accessibility links

Азат Еуропа-Азаттық радиосының хабарлары тарайтын аймақта адам құқықтары жиі тапталды


Аймақтық жанжал және саяси репрессияның нәтижесінде 2006-жылы адам құқықтарын аяқ асты ету кездері жиілей түсті. Әсіресе Орталық Азия елдерінде бұл ерекше байқалды. БҰҰның Қызметінен кетіп жатқан қазіргі бас хатшысы Кофи Аннанның айтуынша Өзбекстандағы адам құқығы жағдайы жақсармаған. Өзбекстанға осы кезге дейін ресми органдардың азаматтарды азаптау, жазалау шаралары үздіксіз жалғасып келеді екен. Лондондағы Хьюман Райтс Уач адам құқықтары ұйымынан ресми Том Портиустың айтуынша, халықаралық қауымдастық Тәшкентке бұл орайда мінез байқата алмаған.

- Әндіжандағы 2005-жылғы қырғынды Еуропа Одағы дұрыс бақылай алмады. Дегенмен, Одақ Өзбекстанға айтарлықтай қатаң санкциялар жариялап үлгірді, дейді Портиус.

Аутаритарлық қатаң режим орнатылған Түркіменстанда болса президент Ниязовтың қатаңқолды билігі одан әрі жалғасуда. Қыркүйек айында Ашғабат түрмесінде Азаттық радиосының Түркімен бөлімінің тілшісі Оғулсапар Мұрадова беймәлім жағдайда қаза тапты. Отбасы мүшелері оның басынан үлкен жарақат ізін көрген. Ал Түркіменстандағы адам құқықтары Хельсинки қоры журналист Мұрадовының өлімін саяси қастандық деп отыр.

Батыстық өлшемімен алғанда асыра сілтеніп Мұрадова 6 жылға түрмеге жабылған болатын. 2006-жылы Қазақстанда тағы да бір белгілі қайраткер, оппозиция жетекшілерінің бірі Атынбек Сәрсeнбеаев қасақана өлтірілді. Алтынбек Сәрсенбаевтің және оның екі серігінің денелері ақпанның 13інде Алматының таулы ауданында табылды. Алтынбек Сәрсенбаев Нағыз АқЖол опозициондық партиясының тең-төрағасы болатын. Ал оған дейін журналист Сарсенбаев Қазақстан үкіметінде, қауіпсіздік қызметінде басшылық орындарда, сондай-ақ, Ресейдегі елшілікке жетекшілік еткен болатын. Ал соңғы екі жыл шамасында Сәрсенбаев Қазақстандағы саяси, экономикалық жағдайға байланысты президент Назарбаев пен оның үкіметінің жұмысын ашық сынап келген еді.

Ал бұл арада, АҚШ пен Британияның пікірінше, Қазақстан ЕҚ және Ынтымақтасты ұйымының талап деңгейінен әзірше көріне алмай отыр екен. Бұл орайда АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Николас Бернс былай дейді.

- Біз Қазақстанға стратегиялық әріптеспіз. Жақын доспыз. Қазақстаннның ЕуроОдаққа жетекшілік ету ықыласына АҚШ әуестене қарайды. Дегенмен, өзара мәмілеге келіп ол жетекшілік мәселесін 2007-жылға дейін қалдырып, алдағы жылы бірер шешімге келсек деп отырмыз, дейді Бернс.

Орта Азия елдерінің бірі Тәжікстанда өткен президенттік сайлауда елбасылыққа үміткерлік кезінде оппозиция оған бойкот жариялады. Олар қызмет басындағы президент Рахмоновқа дауыс берілуі мәселесі алдын ала шешіп қойылған деген үәж айтты.

Ресей соғыс бітті деп жариялағанына қарамастан Шешенстанда қантөгісті қақтығыстар жалғаса берді. Хьюман Райтс ұйымынан Портиустың айтуынша,

- Шешенстандағы ол жағдай бүкіл Ресей федерациясындағы саяси ақуалға барынша кесір болып келеді. Бұл аймақтағы астыртын соғыс тоқтамай тұр. Ал Шешенстан әкімшілігі қатаң репрессивтік жазалау тәсілінен ары асалмай отыр, дейді құқық қорғаушы. Ал мәскеушіл бас министр Рамзан Қадыровтың қауіпсіздік қызметі қылмысты деп күдік астына алынған азаматтарды азаптау істерін ұялы телефонмен жазып алып отырыпты.

Париждегі Шегара білмейтін репортерлар ұйымы Әзербайжандағы баспасөзге қысымды айыптайды. Бұл елдегі тәуелсіз Туран жаңалықтар агенттігі және екі оппозициилық газет Бакудегі кеңселерінен қуылған. Бұл орайда Репортерлар ұйымынан өкіл Елса Видал тілшімізге былай дейді.

- Соңғы айда Әзербайжандағы жағдай күрт нашарлады. Ең қиын жағдай, жекеше АНС теле арнасы жабылды, арасында Азадлық газеті де бар, бір қатар басылымдар кеңсе-ғимараттарын ауыстыруға мәжбүрленді, дейді Видал.

Сондай-ақ, БҰҰ мәліметтеріне қарағанда, Беларусь президенті Лукашенконың үкіметі сайлау кезіндегі заңсыздықтар, адам құқықтарын аяққа таптау, белсенді азаматтарды абақтыға салудай қатаң жазалау шараларын одан әрі жалғастырып келген.
XS
SM
MD
LG