Accessibility links

Ирақтағы қылмысы үшін американдық 4 әскер сот алдында жауап бермек


АҚШ әскери ресмилерінің хабарына қарағанда, Ирақтағы Хадиса қаласында өткен жылы 24 Ирақ азаматын өлтіргендікте айыпталып 4 американдық сарбаз сот алдында жауап бермек. Ол жылы Бағдадтың солтүстігіндегі қалада, күзет кезінде бір саптастары өлтірілген кезде американдық әскерлер 3 сағат бойы азаматтарды оқ астына алып отырған екен. Ал бұл арада соңғы тәулікте Бағдадтағы полиция бекеті маңайында болған жанпидашы бомба жарылысынан кемінде 15 полиция қызметкері қаза тауып, тағы да 15 шақты адам жараланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG