Accessibility links

Адамзат баласы Жаңа жылды қарсы алып тойлады


СИДНЕЙ-НЬЮ-ЙОРК: Бүгін түнде бүкіл адамзат баласы Жаңа жылды қарсы алып тойлады. Аустралияның Сидней қаласында 1 млн. халық жаңа доңыз жылын көшеде қарсы алды. Тайланд астанасы – Бангкокта тұрғындардың қаза болуына себеп болған кешегі террористік қастандықтардан кейін ресми билік қаладағы ең басты мерекелік салтанатқа тыйым салды. 1-інші қаңтарда Еуроодаққа мүше болып қабылданған Болгария мен Румыния Жаңа жылды мейлінше кең тойлады. Жаңа жыл түнінде Нью-Йорктің орталық алаңына кем дегенде 1 млн. халық жиналды.
XS
SM
MD
LG