Accessibility links

Атырау облысының әкімшілігі екі шетелдік компанияға сырттан шетел жұмысшыларын әкелуге уақытша тиым салды

  • Досан БАЙМОЛДА

Атырау облысына шетелден жұмыс күшін әкелу мәселесіне қатысты осыған арнайы рұқсат беретін облыстық комиссия өзінің сәрсенбі күнгі мәжілісінің қортындысында екі шетелдік компанияның бұндай рұқсат қағазының қуатын бір ай мерзімгее қуатсыз ету жөнінде шешім шығарып отыр.

Сонымен Атырау обылысының Қашаған мұнай кеніші орынында мұнай өңдеу зауытын салу жобасын іске асырушы ‘Аджип‘ компаниясының тапсырысымен құрылыс жұмыстарын жүргзуші Түркияның ‘Гате Иншаат‘ компаниясы мен Италияның ‘Бонатти С.п.А‘ компаниясы Қазақстанға шетелден жұмысшылар әкелу жөнінде бұрын берілген лицензиядан уақытша айырылатын болды. Алайда жергілікті комиссия бұл екі компанияға бір ай уақыт мерзімнің ішінде контракт бойынша мойнына алған жұмыстарды қазақстан заңына сәйкес жөндеуді талап етіп отыр.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сәрсенбай Еңсегеновтың айтуынша шетелдік компаниялардың жұмыс жағдайын тексеру барысында көптеген заң бұзушылықтардың барлығы анықталған. Мысалы, 1-ші және 2- дәрежелі шетелдік мамандарды жұмысқа тартудың орнына олар дәрежесі және тәжіріибелері төмен шетелдік жұмысшыларды қалай болса солай әкеліп жұмыс істетіп отырғаныдығы анықталды. Сондықтан бұл екі компанияға ақпанның 1-не дейін мамандығы сәйкеспейтін шетелдік жұмысшыларды қайтарып олардың орнына құжатта көрсетілгеніндей нағыз қажет мамандарды әкелу тапсырылып отыр. Сондай ақ жергілікті , қазақстандық мамандарды жұмысқа үйрету мәселесінде аталмыш шетелдік компаниялар дұрыс жұмыс істемей келгені анықталды, бұл қателіктерді жою жөнінде тапсырма берілді дейді облысы әкімінің бірінші орынбасары.

Осы екі компанияда жұмыс істейтін қазақстандық жұмысшылар өткен жылдың қазан айында және биылығы жылы қаңтар айының ортасында айлық жалақыларын көтеруді және жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп, жұмыс тастау ереуілдерін өткізгені белгілі. Тіптен түрік жұмысшыларына қарағанда бірнеше есе төмен айлық жалақы алғандарына ыза болған және жергілікті қазақ қыздарына тиісуін қоймаған түріктерге намыстанған қазақ жұмысшылар мен түріктер арасында үлкен төбелес те болған болатын. Содан болып Түркия Атыраудағы жұмысшыларының көбін өз еліне алып кеткен болатын. Енді міне жергілікті әкімшілік шетелдік компаниялардың жұмыс барысын, контрактіде мойынына алған уәделерін қалай орындап жатқандығына қатаң тексерулер жүргізе бастады.

‘Әділетті Қазақстан үшін‘ қоғамдық қозғалысының бас хатшысы Әміржан Қосанов Атырау облысы әкімшілігінің бүл шешімін дұрыс шешім деп есептейді. Шетелдік компаниялардың Қазақстанда қалай жұмыс істеп жатқандарын тексеретін кез жетті, олар Қазақстан заңдылықтарына бас ұрмаса онда осындай қатаң шешімдерге барудан басқа жол жоқ дейді ол.
XS
SM
MD
LG