Accessibility links

Парник газынан ауа райы өзгеріп көп қиындық болуы мүмкін


БҰҰ жариялаған бүгінгі баяндамада жазылғанындай, әлемдегі ғалымдардың 90 пайызға дерлігінің пікірінше, қазіргі ауа райы өзгерісіне - ғаламдық жылылануға адамзаттың өзі кінәлі екен. БҰҰ-ның Климаттық өзгеріс жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының өз зерттеулері негізінде ескерткеніндей, парник газының көбеюінің салдары ауыр болып, оның арты алапат құйынды боран, құрғақшылық және теңіз суының мөлшерден тыс көтерілуіне себепші болады екен. Бұл орайда комиссияның тең төрағасы Сюзан Соломон ханым былай деді:

- Тікелей жүргізген зерттеулердің көрсеткеніндей, климаттық жүйе сөзсіз өзгеріп отыр. Оған ауа, мұхит температурасының өзгеруі, қар мен мұздық еруі, теңіз деңгейінің көтерілуі куә.

Болжам бойынша, 2100-жылға қарай жер жүзі температурасы 2-4 градусқа дейін жылынып, теңіз суы деңгейі 59 см көтеріледі екен. Зерттеу жұмысына бүкіл әлемдегі 2500-дей ғалым қатысқан.
XS
SM
MD
LG