Accessibility links

Мадридте 2004 жылғы 11 наурыздағы террорлық актілер бойынша сот процесі басталды


Испанияның астанасындағы 191 адамның ажалына себепкер болған бомба жарылыстарына қатысы бар деген күдікпен 29 адам сот алдына келтірілді. Сот процесі 11-наурыздағы шабуылдардың үш жылдығы қарсаңында басталып отырғандықтан, Испания сақтық шараларын төменгі деңгейден бір саты жоғары - орта дәрежеге дейін көтерді. Сот залын жүздеген полиция күзететін болады. Үш жыл бұрынғы лаңкестік шабуылдардан кейін өткен сайлау нәтижесінде Испанияда билік өзгерген болатын. Консерваторлардың орнына билік басына социалистер келді, ал олар сайлау алдында берген уәделерінде тұрып, Ирақтан Испания әскерін шығарды.
XS
SM
MD
LG