Accessibility links

Ауған азаматы ұлттық киімге жасырған есірткіні Лондонға жібермек болды


КАБУЛ: Кеше Ауғанстанның ұлттық телеарнасы хабарлағандай, осы күні Кабулдың орталық поштасында салмағы 3,5 келі героин есірткісі жасырылған киімді Лондонға жібермек болған ауған азаматы ұсталды. Ол есірткіні ауғандықтардың ұлттық киіміне жасырған көрінеді. БҰҰ-ының есірткі мен қылмыстарға қарсы күрес агенттігінің мәліметі бойынша, героин жасауға қажетті апиынның бүкіл әлемдегі 92 пайызын Ауғанстан өндіреді. Ауған үкіметі мен оның одақтастары ел ішіндегі есірткі саудасына қарсы күресін күшейтті.
XS
SM
MD
LG