Accessibility links

Интерпол Иранның экс-президентін тұтқындауға ордер бермейді


ПАРИЖ: Кеше халықаралық полиция – Интерпол - осы айдың соңына қарай Иранның бұрынғы 5 шенеунегі мен Ливан азаматын тұтқындауға ордер беретінін мәлімдеді. Осы 6 адамға 1994-інші жылы Аргентинаның астанасы – Буэнос-Айрес қаласындағы еврейлердің мәдени орталығында 85 адам құрбан болған жарылысқа қатысы бар деген күдік түсіп отыр. Бірақ Интерпол Иранның экс-президенті Хашеми Рафсанджани мен бұрынғы жоғары лауазымды 2 тұлғаны ұстауға ордер беру туралы Аргентинаның сұрауын қабылдамады. Иран ол қастандыққа қатысы болғанын үзілді-кесілді жоққа шығарды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG