Accessibility links

Алжирдегі террористік қастандықтарға халықаралық қоғам наразылық білдіреді


АЛЖИР: Алжирдегі жарылыстарды Магрибтегі “Әл-Қаида” ұйымының 3 жанпидашыл-террорисі іске асырды. Ол жайында интернеттегі ислам сайттарының біріне шыққан мәлімдемеде айтылады. Алжирдегі кешегі 2 жарылыстан кемінде 23 адам құрбан болса, 160-тан астам кісі жараланды. Бірі – Алжир премьер-министрінің кеңсесі алдында, екіншісі – қаланың шығысындағы полиция бөлімшесінің маңында болды. Халықаралық қоғам бұл қастандыққа ащы наразылық білдірсе, БҰҰ-ының Бас хатшысы Бан Ки-Мун халықтың тыныштығын бұзып, қоғамның негізіне балта шабатын терроризмге қарсы халықаралық күресті күшейтуге шақырды.
XS
SM
MD
LG