Accessibility links

В.Путин Мәскеуде АҚШ-тың және неміс сыртқы істер министрлерімен кездеседі


МӘСКЕУ: Бүгін Ресей президенті В.Путин Мәскеуде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райспен және Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальрет Штайнмайэрмен жеке-жеке келіссөз өткізеді. Райс ханыммен В.Путин Американың зымырандық соққыдан қорғанатын радар жүйесін Чехия мен Польшаға орналастыру жобасын және БҰҰ-ының Косовоға тәуелсіздік беру жоспарын талдауға тиіс. Кремль 2 жоспарға да түбегейлі қарсы. Ал неміс министрі Штайнмайэр мен В.Путин Ресей мен Еуроодақ басшыларының 18-інші мамыр күні Самара қаласында өтетін саммитіне ден қоятын тәрізді. Еуроодаққа қазір Германия төрағалық етеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG