Accessibility links

Украинаның қазіргі президентінен кейін Қырғызстанның премьер-министрі уланды


БІШКЕК: Қырғызстан президентінің медициналық орталығы премьер-министр Алмасбек Атамбаевтың беймәлім улы затпен уланғанын мәлімдеп, оның уланып өле жаздағаны туралы бастапқы мәлімдемесін растады. Дәрігерлердің сейсенбі күн шығарған қорытындысына сәйкес, А.Атамбаев “белгісіз бір өте улы гепаттитпен” уланған. Өткен аптада қырғыз премьер-министрі бір шыны су ішкен соң, есінен танып құлап қалғанын хабарлаған болатын. Оның мәлімдеуінше, өзінің кеңсесіндегі суды 11-інші мамыр күні “үкіметтің кейбір шенеунегі” улаған. Қырғыз парламенті бұл оқиғаны тергеуге тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG