Accessibility links

Германияда жаһандануға қарсы наразылық шеруіне шыққандар мен полицияның қақтығысында 300 полиция жарақаттанды


Келесі аптада Германияда өткелі отырған Үлкен сегіздіктің саммиті қарсаңында Росток қаласында беттеріне қара маска киіп, бастарын бүркемелеген бірнеше жүздеген шеруші тас, бөтелкелермен полицияны атқылаған. Полиция оған жауап ретінде көзден жас ағызатын газ қолданып, су шашыратқан. Шерушілер арасында қанша адамның жараланғаны белгісіз. Мыңдаған адам қатысқан шеру негізінен бейбіт жағдайда, тыныш өткенімен, полициямен олардың шағын тобы қақтығысып қалды деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG