САРАЕВО: Босния сербтерінің бұрынғы 2 жауынгеріне 1992-1995-інші жылдардағы соғыс қимылдары кезінде “соғыс қылмыстарын істеді” деген айыптар тағылды. Босниядағы сот 1992-нші жылы Мирко Тодорович пен Милош Радич - Братунац қаласынан шығысқа қарай орналасқан Борковац ауылында 7 мұсылманды дарға асып өлтіруге қатысты деп есептейді. Ал осы кезде Боснияның солтүстігіндегі Прийедор қаласында “соғыс қылмыстарын істеді” деп айыпталған тағы бір серб қолға түсті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?