Accessibility links

Қырғызстан мен Германия сыртқы істер министрлері Берлинде кездеседі


Бүгін Берлинде Қырғызстан сыртқы істер министрі Еднан Қарабаев Германия сыртқы істер министрі Франк-Уалтер Штанмэйермен екі жақты қарым-қатынастарды талқылайды деп жоспарланған. Қарабаев, сондай-ақ, Еуропа Одағының Орталық Азиямен ынтымақтастық жөніндегі стратегиясының таныстыру рәсіміне қатысады деп күтілуде. Оған, сондай-ақ, Орталық Азияның басқа да елдерінің ресмилері қатысады. Жоспарға сәйкес, Еуроодақтың Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерімен жақынырақ қарым-қатынас жасауы, сонымен қатар, демократия мен адам хұқтары және сауда мен энергетикалық ынтымақтастық жөніндегі мәселелер талқыланатын болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG