Accessibility links

Румын мен поляк сенаторлары Еуропа парламентіне өкпелеп қалды


СТРАСБУРГ: “Румынияда АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының құпия түрмелері болды” деген хабарға наразы болған Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясындағы румын депутаттары бүгін Страсбургтегі мәжілістен шығып кетті. Адамның құқын қорғайтын Еуропалық ұйымның атынан сөйлеген швейцариялық сенатор Дик Марти осы айдың басында терроризмге қатысы бар деген күдіктілерді тергеу үшін Орталық барлау басқармасы Польша мен Румыния территориясында құпия түрмелерін ұстады деп мәлімдеген болатын. Румын мен поляк парламентарийлері сенатор Мартидің осы сөздеріне бұлтартпайтын айғақ келтірмегенін атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG