Accessibility links

“Ауғаныстандағы НАТО жасағы халықты ойлап, толық күш қолдана алмай отыр” деді француз генералы


Бүгін Ауғаныстандағы күштердің франциялық қолбасшысы НАТО жасаға Талибандарды қуып тастар еді, бірақ бейбіт азаматтарды ойлап, оған толық күш қолданбай отыр деді. Генерал Пьер Ричард Кон AFP-ке берген сұхбатында, егер НАТО көзді жұмып күш қолданатын болса, тәліптерді тез жеңуге болатын еді деген. Бірақ ол халықаралық қауіпсіздік күштер одағы жақында талибандарға қарсы операциясында бейбіт тұрғындарды өлтіргені үшін сынға ұшырап отырғандықтан, жаппай қыру қаруын қолданбай отыр деп айтты. Француз генералы талибан бүлікшілдерін қарапайым азаматтарды қалқан ретінде пайдаланып отырған варварлық тәсілін айыптады.
XS
SM
MD
LG