Accessibility links

Тәліптер Ауғанстандағы террористік шабуылдарын үдете түсті


КАБУЛ: Ауғанстанның оңтүстігіндегі Урузган облысында жанпидашыл террорист өзін өзі жарып, одан кем дегенде 17 адам, оның ішінде 12 мектеп оқушысы қаза болып, өзге 30 адам жараланды. Ол туралы Ауғанстанның ішкі істер министрлігі хабарлады. НАТО күштерінің мәліметі бойынша, Дах-Рауд ауылындағы халықаралық күштердің автокеруені жанында болған жарылыстан 6 бейбіт тұрғын опат болып, 20 адам, оның ішінде Голландияның 7 жауынгері жараланды. Бұл қастандықты тәліптер іске асырғанын мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG