Accessibility links

Ресей сыртқы істер министрі С.Лавров Косово жоспарын кері қақты, ал Ахтисаари Ресейдің атына сын айтуда


Сергей Лавровтың сөзіне қарағанда, Сербияның даулы провинциясы - Косовоның болашағы турасындағы БҰҰ-ың жобасы тәуелсіздік жоспарымен бірдей. Онда тек қана Белград пен Приштинаның келіссөздері соңында автоматты түрде тәуелсіздікке шақырған сөздер ғана жазылмаған дейді ол. Ал бұл аралықта Косовоға халықаралық бақылаудағы шектеуі тәуелсіздік беру жоспарының авторы БҰҰ-ың осы аймақтағы арнайы елшісі Марти Ахтисаари Ресейдің бұл жоспарға қарсылық танытуы Мәскеудің халықаралық деңгейдегі тұлғасына нұқсан келтіреді деп атап көрсетті. Енді Франсс пресс агенттігінің хабарлауынша, Сергей Лавров Косово аймағына БҰҰ-ың бейтарап елшісі жіберілсін деп талап еткен.
XS
SM
MD
LG