Accessibility links

Ауғанстандағы Талибан жауынгерлері тұтқындарға байланысты жаңа уақыт межесін белгіледі


Кейбір талибандық тұтқындарды ел үкіметі босатпаса, өз қолдарындағы Оңтүстік Кореялық 22 тұтқынның кейбірін дүйсенбінің таңында өлтіретіндігін олар айтуда. 8 талибандық босатылмаса қалған тұтқынның бәрі өлтіріледі, деген болатын талибандықтар бұдан біраз бұрын. Жексенбі күні Оңтүстік Кореялық өкіл осы тұтқындар мәселесі бойынша Ауған президентімен кездесті. Папа Бенедикт Ауғанстандағы тұтқындардың босатылуына шақырды. Оңтүстік Кореялық 22 көмек қызметкерлерін жазықсыз түрде тұтқында ұстау- адам мәртебесін таптау деді ол. Бұдан 10 күн бұрын ұсталған ол топтың басшысын талибандықтар өлтірген болатын.
XS
SM
MD
LG