Accessibility links

Қазақстанда ОБСЕ курстары ашылды


Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар мен адам хұқтары жөніндегі кеңсесі Орталық Азиядағы сот ісін жүргізу мәселелеріне қатысты жазғы курсын бастады. ОБСЕ-нің айтуынша, бұл курстар Қазақстанның Талғар қаласында ашылған. Оған Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан және Қазақстан елдерінің шамамен 30 маманы қатысуда. Олардың арасында сот төрағалары, прокурорлар мен зерттеушілер және үкімет ресмилері бар. Олар халықаралық сарапшылармен бірге өз елдеріндегі қылмыстық сот жұмысына байланысты реформалар жағдайын талқылайтын болады.
XS
SM
MD
LG