Accessibility links

Өзбекстан Тәжікстаннан тиым салынған қозғалыстың мүшелерін ұстауды сұрады


Тәжікстан ресмилерінің айтуынша, Өзбекстан Тәжікстандағы билік орындарынан тиым салынған “Өзбекстанның Ислам Қозғалысының” мүшелері деп күдіктелгендерді қамауға алуды сұраған. Тәжікстанның солтүстігіндегі Соғд өлкесінің ішкі істер департаменті басшысы Абдурахмон Қаххоровтың хабарлауынша, ресми Ташкент аталған қозғалысқа қатысы бар деп күдіктелген бірнеше өзбек азаматы Тәжікстанға қашып кеткен деп пайымдайды. Қаххоровтың айтуынша, Соғд өлкесінде осы жылы “Өзбекстанның ислам қозғалысына” қатысы бар деп күдіктелген 7 тәжік азаматы тұтқындалған.
XS
SM
MD
LG