Accessibility links

Пәкістан президенті елде төтенше жағдай жариялау мәселесін қарап жатыр


Пәкістанның Ақпарат министрі Тариқ Азимнің айтуынша, президент Первез Мушарраф елде төтенше жағдай жариялау мәселесін қарап жатыр. Бұл тұрғыда аталмыш мәселені талқылау үшін президент үкімет жетекшілерін жиналысқа шақырды. Төтенше жағдай енгізілсе, бейбіт тұрғындардың жүріп-тұруы, сот орындары жүйесінің атқаратын міндеті шектеледі және Мушарафтың жыл соңында болатын сайлауды кейінге қалдыруына жол береді. Бұл елде төтенше жағдай жариялау туралы сөздер Пәкістан президентінің Қабулда өтіп жатқан Ауған-Пәкістан тайпа жетекшілерінің үш күндік жиылысынан аяқ астынан кетіп қалған соң айтыла бастады.
XS
SM
MD
LG