Accessibility links

АҚШ БҰҰ-ның Ирақ балалары жобасына 30 млн доллар береді


Құрама Штаттар БҰҰ-ның Ирақ балалары жобасына 30 млн доллар бөліп отыр. Ол қаржы Ирақпен көрші елдерге босып кеткен жүзмыңдаған ирақтық босқын балалардың мектепке баруына қажетті заттар алуға көмек ретінде бөлінді. Бұл туралы бүгін АҚШ-тың ресми өкілі Иордания астанасы Амманда мәлімдеді. Шілде айында БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі және балаларға қатысты агенттіктері бірігіп, көбісі Сирия мен Иорданияда тұрып жатқан 155 мың ирақтық баланы мектепке жіберу керек екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG