Accessibility links

Бүкіл Алжирде “Террористер – мұсылмандар емес!” деген үндеумен шеру өткізілді


АЛЖИР: Бүгін бүкіл Алжирде терроризмге қарсы наразылық шеруі болып өтті. Мыңдаған халық “Террористер – мұсылмандар емес?” –деген үндеу айтып өтті. Қыркүйектің 6-сы мен 8-і күндері Батна мен Деллис қалаларында болған 2 жарылыстан 50-ден астам адам құрбан болды. Бұл қастандықты “Әл-Қаида” ұйымының өзін “Ислам Магрибіндегі “Әл-Қаида” деп атайтын африкалық қанаты өз мойнына алды. Олардың бұл мәлімдемесі интернетке шықты. Олардың іс-әрекетіне БҰҰ-ы мен Еуропа одағы үзілді-кесілді қарсылықтарын білдірді.
XS
SM
MD
LG