Accessibility links

Марқұм А.Политковская – Еуроодақтың сөз бостандығы сыйлығына ұсынылды


БРЮССЕЛЬ: Еуропа парламентінің адамның құқын қорғайтын ұйымы Еуропа Одағының сөз бостандығы бойынша А.Сахаров атындағы сыйлығын алуға ұсынылған үміткерлердің арасында қастандықтан қаза тапқан ресейлік журналист Анна Политковскаяның бар екенін растады. Чешенстандағы адам құқының аяққа тапталуы туралы көп жазып келген Политковскаяны 2006-ншы жылдың қазан айында Мәскеудегі пәтерінің кіре-берісінде атып кетті. Өзге үміткерлердің ішінде Ауғанстандағы әйелдің құқын қорғайтын депутат әйел, адамның құқын қорғайтын 2 қытайлық және т.б. бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG