Accessibility links

«Нұр Отан» партиясы билікте көптеген жылдар бойы қалғысы келеді


Алдағы парламентте басқа партиялар үшін шектік белес төмендетіле ме деген сұраққа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруындағы «Нұр Отан» партиясы билікте және көп көлемде көптеген жылдар бойы қалғысы келетіндігін жеткізді. Астанаға Венадан келген Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері қойған бұл сұраққа «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары және аппарат басшысы Сергей Громов осындай жауап қайтарды.

Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы Бельгия елшісі Бертран де Кромбрюгтың айтуынша қазір қазақстандық парламент бір партиялық болды, енді алдағы жылдары «Нұр Отан» өзімен өзі сөйлесетін болады. Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 1992 жылдан бері мүше. «Ұйымда көптеген міндеттемелермен қатар адам өлшемі саласында міндеттемеліріміз бар», деді елші Кромбрюг. «Осыған орай, бұқаралық ақпарат құралдарын либерализациялау, оппозициялық саяси партиялардың жұмысына жағдай жасау және бейбіт шерулерге жағдай жасауда «Нұр Отан» партиясы өз әрекетін көре ме», дейді Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы Бельгия елшісі Бертран де Кромбрюг.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары және аппарат басшысы Сергей Громовтың айтуынша парламенттік сайлау кезінде бәсекелестердің оппозициялық партия өкілдерінің сөзі назар қойып зерттелді. «Бір партияның жеңісі өзге партиялардың сыртта қалатындығын немесе ыдырайтындығын көрсетпейді, олардың өз бұқаралық ақпарат құралдары бар», деді Громов.

Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы Словакияның елшісі Питер Лизактың айтуынша қазір «Нұр Отан» партиясы ел болашағы үшін жауапты. «Бірақ, бұл жауапкершіліктің ішінде елдегі демократия үшінде жауапкершілік бар. Бірпартиялық парламент жағдайында бұл жауапкершілік бір партияның иығына түседі. Мүмкін мен тым алға қарап кеткен шығармын, бірақ, алдағы парламентте басқа партиялар үшін 7 пайыздық шектік белес төмендетіле ме», деп сұрады елші Лизак. «Әлбетте, мұндай қадамдар алдағы 5 жылғы қазіргі парламентке қарағанда түрлі-түсті парламентке әкеп соғуы тиіс», дейді Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы Словакияның елшісі Питер Лизак.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары және аппарат басшысы Сергей Громовтың айтуынша «Нұр Отан» партиясы билікте және көп көлемде көптеген жылдар бойы қалғысы келеді. «Мұндай мысалдар Жапония, Малайзия және басқада елдерде бар», дейді ол.

«Біз экономикалық дамуда қалып қоймауға тырысамыз», дейді Громов. «Еуропа елдеріне бұған ғасырлар берілген. Ал егерде Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етсе, онда бұл үдеріс бұданда тезірек болар еді», дейді Громов. Партия басшылығының хабарлауынша «Нұр Отан» партиясы 16 жыл бұрын құрылған. 1998 жылы президент сайлауы жөніндегі штабтан партияға айналған. Ал президентке жақын партиялар қосылғансоң «Нұр Отан» мүшелері 725 000-нан асты деп хабарланады. «Әр ауданда партия бөлімшелері бар, мүмкін содан болар біз парламенттік сайлауда жеңіп шықтық», деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары және аппарат басшысы Сергей Громов.

Ал Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы Словакияның елшісі Питер Лизак партия басшылығына елді демократизациялау үдерісінде сәттілік тіледі.
XS
SM
MD
LG