Accessibility links

Пәкістанда экстремистер үкімет армиясының тағы 12 жауынгерін тұтқындады


ИСЛАМАБАД: Пәкістанның солтүстік-батысында экстремистер үкімет армиясының 12 жауынгерін тұтқынға алды. Армия басшылығының хабарлауынша, Ауғанстан шекарасына жақын Банну қаласының шетіндегі күзет постына бірнеше ондаған қарулы экстремист тұтқиылдан шабуыл жасаған. Тәліптердің қолдауына арқа сүйеген экстремистер шекара аумағынан Пәкістан армиясын алып кетуді және тұтқында отырған үзеңгілестерін босатуды талап етеді.
XS
SM
MD
LG