Accessibility links

Еуропалық сот Майкрасофтқа қарсы шешім шығарды


Еуропадағы екінші ірі сот анықтамасы бойынша, АҚШ-тың Майкрасофт компаниясы өзінің шағын қарсыластарынан нарықтық базарда басым түсу үшін, заңсыздықтарға жол берген. Еуропа одағының Бірінші сатыдағы соты Еуропа комиссиясының Майкрасофтқа байланысты 2004-ші жылғы шығарған шешімдерінің көпшілігін қолдап отыр. Ол шешімдер ішінде 500 миллион еуро көлеміндегі айыппұл да бар. Сондай-ақ сот Майкрасофттың шағымын қабылдамай тастады.
XS
SM
MD
LG