БАҒДАД: АҚШ үкіметі Ирақтағы дипломаттары мен басқа да бейбіт қызметкерлерінің Бағдад қаласындағы жақсы күзетілетін “Жасыл аймақтан” тыс жерде ары-бері жүруіне уақытша шектеу қойды. Мұндай шараға таяуда АҚШ дипломаттарымен болған төтенше оқиға себеп болды. Дипломаттардың автокеруенін күзеткен жеке-меншікті “Блэкуотер” агенттігінің жасағы шабуылға тойтарыс беремін деп бірнеше бейбіт тұрғынды оққа ұшырды. Ирақ үкіметі әлгі күзет агенттігіне берген лицензиясын тоқтатып, қазір қайғылы оқиға тергелу үстінде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?