Accessibility links

Кондолиза Райс Еуропа Косово тәуелсіздігін қолдаушы АҚШ-қа қосылу керек деді


АҚШ мемекеттік хатшысы Кондолиза Райс Еуропа Одағын Сербияның Косово провинциясының тәуелсіздігі үшін қолдауға Құрама Штаттарға қосылуға шақырды. Рейтерс агенттігіне берген сұхбатында Райс ханым, Косовоның тәуелсіздік алуы ғана Балқандағы тұрақтылыққа негіз болады алады деген. Сербтер мен Косоводағы этникалық албан өкілдері бұл мәселе турасында алдағы жұмада Нью-Йорк қаласында келіссөздерін бастамақ. Келіссөздер АҚШ, Ресей және Еуро Одақтың арағайындығымен өтеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG