Accessibility links

Ауғанстан президенті тәліптермен келіссөзге дайын, бірақ тәліптер ауыр шарт қойды


КАБУЛ: Ауғанстан президентінің кеңсесі Талибан жасақтарының арасында қаруды тастау жөнінде “қызу талас-тартыс” бар деп мәлімдейді. Президент Х.Қарзайдың өзі Талибан қозғалысының лидері Омар молдамен келіссөзге отырып, елге тыныштық орнайтын болса, оның үзеңгілестерін үкімет құрамына қабылдауға дайын екенін мәлімдеген болатын. Ал бүгін президенттің өкілі атап көрсеткендей, тәліптер Ауғанстанның конституциясын мойындауға тиіс. Ал осы кезде Талибанның өкілі “Ассошиэйтед-пресс” агенттігіне АҚШ пен НАТО күштері Ауғанстаннан шығарылмай, ешқашан келіссөз болмайды деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG