Accessibility links

Бұрынғы Пәкістан премьер-министрі бүгін еліне оралады


Бұрынғы Пәкістан премьер-министрі Беназир Бхутто бүгін Пәкістанға оралады деп күтілуде. Бхутто ханым 8 жылдан астам уақыт қуғында жүрді. Ол бүгін Дубайдан Пәкістанның ең үлкен қаласы Карачиге ұшып барады. Бұрынғы лидерге кез келген қастандық әрекетін болдырмау үшін қауіпсіздік күштері Карачи әуежайына орналастырылды. Беназир Бхутто президент Первез Мушаррафпен билік бөлісу жөнінде келіссөздер жүргізген болатын. Жемқорлықпен айналысты деп айыпталған Бхуттоға президент Мушарраф рахымшылық жасады.
XS
SM
MD
LG