Accessibility links

АҚШ өзінің Ауғанстандағы соғыс қимылдарын қолдауға жапондарды да тартпақшы


ТОКИО: АҚШ-тың қорғаныс министрі Р.Гейтс жапон лидерлерін Ауғанстандағы АҚШ бастаған коалициялық күштерді қолдау үшін Үнді мұхитындағы әскери-теңіз күштерінің миссиясын жалғастыруға көндірді. Жапон парламентіндегі оппозиция 1-інші қараша күні ол миссияны жалғастыруға қарсы шыққан болатын. Бүгін Токиода Р.Гейтспен кездесуінен кейін Күншығыс елінің сыртқы істер министрі Мазахико Комура миссияны жалғастыруға үкіметтің бар күшін салатынын мәлімдеді. АҚШ-тың шенеунектері миссияны қолдауға көндіру үшін жапон парламентарийлерімен кездесіп те үлгерді.
XS
SM
MD
LG