Словенияда өткен президент сайлауының алдын-ала қортындысы жеңіске солшыл кандидат Данило Түріктің жеткенін көрсетіп жатыр. Ұлттық сайлау комиссиясы заң профессоры Данило Түрік кемінде 68 пайыз дауыс жинады деп жариялады. Оның қарсыласы, үкімет жағындағы кандидат Лойзе Петерле 31 пайызға жуық дауыс алған. Сайлаудың түпкілікті қортындысы он күнде шығуға тиіс.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Оспан батырды тергеген Жағда Бабалықұлының сұхбаты және Хасен Оралтай