Accessibility links

Америкалық ғалымдар тышқанның генетикалық негізіне әсер ету арқылы оның жаңа түрін ойлап тапты

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Жүйрік, қомағай әрі күшті бұл тышқан кәдуілгі тышқанмен салыстырғанда ұзағырақ өмір сүріп, қанша көп тамақ жесе де семірмей, қартайған шақтарында да балалай береді екен.

Ғалымдар ақшыл тышқандарға неше түрлі тәжірибелер жасап келеді. Жағымды тіпті жағымсыз тәжірибе жасағандары да бар. Мысалы, Кей Вестерн университетінің ғалымдары “супер-тышқан” түрін жасап шығарды. Қарапайым тышқанмен салыстырғанда ол тышқан ұзағырақ өмір сүріп, олардан екі есе жүйрік және екі есе қомағай боп келеді екен. Қанша тамақ ішсе де семірмейтін олар, қартайған шақтарында да балалай беретін көрінеді. “Супер-тышқандар” минутына 20 метрлік жылдамдықпен жүгіре алады екен.

Аталған университеттің биохимия департаменті ғалымы Ричард Хасон және оның серіктестері тышқанның қаңқасын өзара байланыстыратын бұлшық еттеріне қосымша ензимдер енгізген. Осылайша тышқанның генетикалық жүйесіне қосымша әсер ете отырып, таңқаларлық нәтижелерге қол жеткізген. Өздерінің қарапайым тұқымдастарына қарағанда, бұл “супер-тышқандар” өте агрессивті боп шыққан екен. Ғалым Хансон бұл жаңалықтың адамдарға қатысты қолданылуына қарсы боп келеді.
XS
SM
MD
LG