Accessibility links

Баспасөзге шолу. 11.20.2007 жыл


Сейсенбі күні Қазақстанда жарық көрген басылымдарда Алматыда өтіп жатқан Рахат Әлиев және оның сыбайластарына қатысты сот ісінің барысы туралы сондай ақ биылғы астық жинау жағдайы сондай ақ астықты сатып алу бағасының көтерілу себептері алдағы уақытта астық бағасының қандай болатындығы жөніндегі сарапшылар пікірлерін жариялапты.

«Жас алаш» газеті сейсенбілік санында «Нұрбанктің» ісіне қатысты Алмалы аудандық сотында болып жатқан сот процесінің жағдайына тоқталыпты. «Сот алдында әуелі сұралған Құрман Әкімқұлов өзін Рахат Әлиевтің рулас, туыс адамы екендігін айтты, 1997 жылдан бері оның жанынан бір еліде қалмаған сөйте тұра өзіне тағылған айыптың ауыр екендігін сезіп, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін тергеу амалдарын адастырысы келеді өзін бейне бір тек қана Рахат Әлиевтің бұйрықтарын орндап ғана жүрген адам ретінде көрсеткісі келеді» дейді сот отырысында болған газет тілшісі.

Сот алдында жауап берген Рахат Әлиевтің оққағарларының бірі Айдар Бектібаев та өзінің тек Р.Әлиевтің бұйрығын орындағанын сол арқылы қылмыстық істегі рөлін төмендіткісі келетіндігі байқалады деп жазады газет тілшісі. Ал сот алдында жәбірленушілер ретінде сөйлеген Айбар Хасеновтың жары Шолпан Хасенова және Жолдас Темірәлиевтің жары Армангүл Қапашева мен анасы Галина Темірәлиева қаңтардың 18-19 және қаңтардың 31 күндері «Нұрбанк» оқиғасына қатысты білетін барлық жағдайларды баяндап берді ал Армангүл Қапашева екі банкир жоғалғаннан кейін «Нұрбанктің» басқарма төрайымы болып тағайындалған Гүлмира Жұмаділлаева және оның күйеуінің бұл қылмыстық іске қалайда қатыстары бар дегенді айтты деп жазады «Жас алаш» басылымы.

«Литер» басылымы сейсенбілік санында «Нұрбанктің» қызметкерлері ұрланған, жоғалған қылмыстық іске қаржы полициясының да қатысы болғандығын, өйткені Жолдас Темірәлиевтің жоғалып кеткеніне алаң болған әйелі Армангүл полицияға күйеуі туралы берген арызын қаржы полициясы қызметкерлерінің келіп алып кеткені ал осыдан 5 күннен соң кенет күйеуінің асығыс жағдайда әйеліне телефон шалып өзінің қаржы полициясынан қашып, тығылып жүргені туралы айтқанын жазады. Содан кейін қайтып Жолдас хабар-ошарсыз кетіп отыр. Ал сот процессінде куәгер ретінде жауап берген Рахат Әлиевтің бұрынғы қорғаушысы болған Сергей Кошлай қаңтардың 31-күні Рахаттың адамдары банк ғимаратынан бастарын тұмшалаған екі адамды алып шыққанын көргенін айтты, сонымен қарашаның 9 күні Рахат Әлиев және оның сыбайластарына қатысты басталған сот процессінің әлі біразға баратын түрі бар деп жазады «Литер» басылымы.

«Айқын» басылымы сейсенбілік санында елдегі астық мәселесіне назар аударыпты. «Ұн мен құн» деп аталған мақалада дүниежүзілік биржаларда астық бағасының бір тоннасы 350 долларға жеткенде Қазақстанда ол 240 доллар болғаны белгілі болды деп жазады. «Бүгінгі күні Қазақстанда шетелге лицензиямен астық сата алатын 160 тай компания барын ескерсек, астықтың әлемдік құны мен елдегі құны арасындағы айырмашылық 110 доллар екенін ескерсек онда лицензиялы алпауыттардың қанша табыс көріп отырғанын мөлшерлеуге болады» деп жазады «Айқын» басылымы.

Осы басылымға пікір айтқан эконмист маман Мырзагелді Кемел астықты сатып алу бағасының былайша өсуі нан бағасының көтерілуіне негіз бола алады, бұл нарық заңы десе академик Рақымжан Елешов сыртқы нарықта қандай жағдай болса оның міндетті түрде ішкі нарыққа әсері болады деген пікір айтыпты. Экономист ғалым Рахман Алшанов көптеген елдерде нан бағасы өссе халықтың қуанатындығын айтады. «Өйткені соған лайықты зейнетақы да өседі, алайда әлеуметтік экономикалық жағынан дамыған елдерде нанды аз тұтынады сондықтан біз тұрмысы жақсы елдердің қатарына қосылғымыз келсе нанды азырақ керектенгеніміз жөн болмақ» депті ол.

«Экспресс-К» басылымы да сейсенбілік санында осы астық тақырыбына көңіл бөліпті. «Азық-түлік контракт корпорациясының» вице-президенті Нұрлан Оспанов биылғы жылы Қазақстанның астық көмбелері астыққа тола сондықтан келер жылы астық жетіспей қалар деген қауіп мүлдем жоқ деп газет оқырмандарын қуантады. «Мемлекеттің астық көмбелеріне қазір 850 мың тоннадай астық жиналған ал резервтік қордағы астықтың 345 мың тоннасын жаңа бидай өнімімен толтырдық депті корпорация басшысы. Ал қазақ астығын бұған дейін әлемнің 40 шақты мемлекеті сатып алып келсе қәзір қазақ бидайына қызығатындар саны 50 ге жеткен. Тек биылғы жылы Түркіменстан Қазақстаннан 400 мың тонна астық сатып алмақшы ал бұған дейін қазақ бидайына қызығушылық білдірмей келген Тунис, Мажарстан, Румыния секілді елдер Қазақстаннан астық сатып ала бастаған» деп жазады «Экспресс-К» газеті.

«Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» басылымдары да сейсенбілік сандарында Қазақстандағы астық рыногі жағдайына тоқталыпты. «Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, биылғы жылы Қазақстанда 22 миллиондай астық жиналған. «Мұның 8-10 миллион тоннасы экспортқа шығарылады деп жоспарланса, қалған 12 миллион тонна астық елдің ішкі қажеттілігін толық өтейді. Алайда астық бағасының келер жылы қандай болатыныдығын дәл болжап айту қиын, өйткені биылғы жылы астық бағасының осындай аспанға шарықтайтынын ешкім күткен жоқ болатын» деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.
XS
SM
MD
LG